F-RADIO - Смотрите видео в HD формате
Добро пожаловать
Вход / Регистрация

СҰМДЫҚ! ИМАНҒАЛИ ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ/БИЛІК ДҮР СІЛКІНДІ/АДАЙЛАР АТҚА ҚОНДЫ!

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Sorry, only registred users can create playlists.
URL


Добавлено by Admin В КВН - КЛУБ ВЕСЁЛЫХ И НАХОДЧИВЫХ
20 Просмотры

Описание

Бәріңізге Ассалаумағалейкум

Гаухардан қымбат, жауһардан жылтыр көрермендерім! Бүгінгі видеоны соңына дейін көрулеріңізді сұраймын! Иманғали Тасмағамбетов ұлы дертке нүкте қойды. Орыстың сасық саясатымен уланған қазаққа қандай үндеу тастады? Ұлы, Орта және Кіші жүз қашан өзара бөлінуді тоқтады? Трайбализмнен қашан құтыламыз? Бұл туралы өте қызықты ақпараттарды сізге Көрген Дұрыс!


Трайбализм. Тұяғымызға тұсау салып тұрған ұлы дерт. Қашан арыламыз? Мәшинеміздің әйнегіне, қала берді майкамыз бен ішіп жүрген энергетигіміздің өзіне дейін руымыздың атын атап, түсін түстеуге көштік. Қала берді, Қарасай Шапыраштыныкы, Қабанбай Наймандыкы, Райымбек Албандыкы деп аттандаймыз келіп. Біреу руың туралы, руласың туралы бәлен десе бетін тырнауға дайынбыз. Арғы бабам ананы бүйткен, мынаны сүйткен, айқасқанның ауызын айырып, жармасқанның жағасын жыртқан деп көпіріп отыратын көкелерге талай куәгер болғанмын. Бұл әсіресе орта буынға қатысты айтылып отырған мәселе. Жоқ, бұл мақтаныш емес, бұл дерт! Жетінші сыныбымда Жетісудің төрінде мекен еткен, Аман есен болса екен Албандарым дегенім үшін ұстазымнан аямай сөгіс естіген едім. Мінекей, содан бері рулық көзқараспен емес, ұлттық көзқараспен, ұлттық тұрғыдан, биіктен ойлау керек екенін түсіндім. Қазақтың Ақтабанда шұбырып, Алқакөлде сұлауына да, Аштықтан өліп, Қастықтан қырылуына да осы Трайбализм кінәлі! Жоңғардың жонынан таспа тіліп, орысқа осқырынып қарайтын шағымызда да алдымыздан шыққан алты бақан алауыздықтың негізгі бастауы осы рушылдық. Әлі де ауырып келеміз? Қашан аяғымыз? Қашан Қабанбай Наймандыкы емес, күллі қазақтыкы дейміз. Жұмсақ креслоға жамбасымыз тисе жақынымызды жарылқауды қашан қоямыз? Тегіңді білу тектіліктің белгісі, жеті атасын білмеген жетесіз дейді қазақ. Әлбетте, өз тегімізді сұрасқанда айтып, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алыспау керек екенін, қан тазалығын сақтау керек екенін насихаттау қажет. Бірақ шежіремен сыр шертісіп, тарихты толғаған шақта әсіре сілтеущілік пен трайбализмге жол берілмеу керек

Жә, бұл дерттің жауабын, бөлінушіліктің неге апарып соқтырарын Иманғали айтып салды. Ойлайтын боларсыздар көрермендер; мынау журналист әлгіндегі видеоларда Иманғалидың Шаңырақ оқиғасына қатысы барын ашықтан ашық талқылап еді, енді көтіне кіре қалуын қарашы деп. Жоқ. Мен оның саяси олқылығын түземеймін, ақтамаймын да. Тек мынау бір тамаша тапқырлығына тәнті болып, бар қазақ тек осы тұста Иманғалиша ойласа екен деп насихаттағалы отырмын. Тек осы сәтте ғана. Ол өз сөзінде

Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі. Ұлы, орта, кіші емес. Старший, средний, младший емес! Ұлы деген сөз Великий болады. Дұрысы Ұлы жүз - Великий лик, Орда жүз ( ордалы ел) - Цитадель, Күші жүз - Сильный лик. Сонда бір тұтас сөз шығады - Ұлы Орда Күші. Біртұтас ел. Мынау мән берген адамға өте маңызды ақпарат! Кезінде осыны әдейі бұзып бұрмалаған. Разделяй и властвуй,- деген қағидаға сүйеніп, қазақ үш жүзге бөлінеді деп жазған кезіндегі отаршылау саясаткерлер. Сонымен солай кетті емес па? 
Қазақ деген ұлтты қырғыз деп атағандардан не сұрайсыңдар. Осыны қазақ түсінуі керек. Сондықтан біз Ұлы жүз, Орда жүз, Күші жүз болып үш жүзден құралған Ұлы орда күші екенімізді жастарға көбінен насихаттасақ, олар болашақта бөлінбей біртұтас ел болуға ұмтылады,- деп сенемін!
Кезінде осыны қолға алып қазақта нақты жазатын адам болмады емес па. Сондықтан Тянь - Шянский Семён сияқтылардың жазып бергендеріне еріп, қалың қазақ қараңғылықтың салдарынан адасып кетті емес па?  Аңқау елге арамза молда,- демекші.
 Шынында да, Ұлы деген сөз орысша старший емес, Великий болады.
Ал анау великий болса, онда қалғандары қалай средний и младший болады?  Осы жерде сол ғұлама сымақтарға неге қазақтар "куда делась теория отностительности?" деген сұрақ сауал қоймаған десеңіздер, тағы да қара халықтың еріншектігінің салдарынан мән бермегенінен адастық. Сол кезде ұйықтап кеткенбіз, әлі ояна алмай жүрміз..
Ұлы орда күші дегенді кеңінен тарату керек! Оянатын кез жетті. тура осы қағида қазақтың басын қосуға ықпал етеді! ешкім ешкімнен үлкен де кіші де емес, барлық қазақ тең, бір атаның баласы! біз біртұтаспыз! Бөлінгенді бөрі жейді!

Зор ықыласпен Аяқтады Имекең өз сөзін


Қазір иті шыққан хиттің бірі, біздің рушылдық ауруымен ауыратын адамдардың: шайтанды да алдаған Найманбедің?! Не пәле шықса да Шымкенттен шығады? Үй, Қарақалпақтың қазағы деген қыртпа сөздері зығырданымды қайнатады.
Әрине, бұған өре түрегеліп қарсы уәж айтатындар да, рушылдықтан ешқашан құтылмаймыз дейтіндер де жеткілікті. Негізі, осы мәселелерге қатысты, әсіресе ру немесе белгілі бір өңір өкілдері туралы жаңсақ пікір айтатындарға менің келтіріп жүрген дәлелім мынадай: Бір жүздің, рудың немесе өңірдің адамы тұрмақ, бір әке-шешеден туған балалардың өзі бір-біріне ұқсамайды. Мұндағы әңгіме түрі емес, мінезі, жүріс-тұрысы, еңбекқорлығы, адамгершілігі сияқты жеке бастың қасиеттері туралы. Ал біз болсақ, бүкіл ру немесе өңір өкілдерін бірдей етіп сипаттай саламыз!?

Бағжан Бақберген

Написать комментарий

RSS
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru